Жапония Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Мысырға 230 миллион доллар бөледі

471

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Дубайда Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сисимен кездесті.  

Жапония Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Мысырға 230 миллион доллар бөледі Фото: Reuters

Жапония үкіметі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі салдарынан ауыр экономикалық жағдайға тап болған Мысырға 230 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Дубайда Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сисимен кездесуде кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кисида Таяу Шығыстағы қақтығыстың кесірінен қиын экономикалық және қаржылық жағдайға тап болған Мысырдың қажеттіліктеріне сәйкес 2024 жылы шамамен 230 млн  доллар көлемінде қаржылық көмек бөлуге дайындық жүргізіледі", – деп хабарлады жапондық СІМ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу