Жапония төрт күндік жұмыс аптасына ауысуы мүмкін

1204

Еуропада да осыған қатысты талқылаулар жүріп жатыр. 

Жапония төрт күндік жұмыс аптасына ауысуы мүмкін

Жапония үкіметі халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін төрт күндік жұмыс аптасына көшу жағын қарастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті билік жұмыс уақытының қысқаруы пандемиядан қатты зардап шеккен туризм саласын жандандырады деген пікірде. Осы орайда бір ай бойы кей жұмыс орындарында "үш күндік демалыс" жүйесі сынақтан өткізілуі мүмкін.

Үкіметтің ойынша, адамдар жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауы керек. Бұл бастаманы қолдайтын шенеуніктер үш күндік демалыс тұрғындардың балалар немесе қарт туыстарына көбірек көңіл бөлуіне септігін тигізіп, көбірек саяхаттауға мүмкіндік береді деп сайнайды.

Қазір мұндай жүйеге ауысу туралы талқылаулар Еуропада да жүріп жатыр. Өткен жылдың желтоқсан айында Испанияның еңбек министрлігі жұмыс уақытын қысқарту туралы ұсыныс жасаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу