Жапония ТЖ режимін толықтай тоқтатып тастады

647

Соңғы мәлімет бойынша, бұл елде коронавирус жұқтырғандардың саны 17,3 мыңнан асқан. 

Жапония ТЖ режимін толықтай тоқтатып тастады

Жапония билігі пандемияға байланысты ел аумағында енгізілген төтенше жағдай режимін алып тастады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Синдзо Абэ хабарлады.

Еске сала кетсек, режим Жапонияның бес преферектурасында осы күнге дейін сақталған болатын. Қатарында Токио, Канагава, Сайтама, Тиба мен Хоккайдо бар. Ал бұған дейін 47 префектураның 42-інде шектеулер біртіндеп жойылған еді.
8 сәуірде Токио мен оның маңындағы Канагава, Сайтама, Тиба, сонымен қатар Хонсю аралының оңтүстік-батысындағы Осака, Хего және Кюсю аралындағы Фукуока өңірлерінде ТЖ режимі жарияланды. 16 сәуірде билік шектеуді бүкіл ел аумағына енгізіп, 31 мамырға дейін ұзартты.

Бірақ үкімет белгіленген уақытқа дейін күтпей, 14 мамырда 47 префектураның 39-ында қатаң тәртіптің күшін жойды. Бір апта өткеннен кейін, Киото, Осака және Хего өңірлерінде де шектеу шаралары тоқтатылды.

Соңғы мәлімет бойынша, Жапонияда коронавирус жұтырғандардың саны 17,3 мыңнан асып, оның 850-і қайтыс болған. Осы күнге дейін 14 мыңға жуық науқас ем-дом қабылдап жазылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу