Жапония үкіметі отставкаға кетті

689

Ел парламенті жаңа премьер-министрдің кандидатурасына дауыс береді. 

Жапония үкіметі отставкаға кетті

Жапония үкіметі оставкаға кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Министрлер кабинетінің кезектен тыс отырысында Премьер-министр Есихида Суга үкіметтің барлық мүшелерінен отставкаға кету туралы өтінішті қабылдады. Жаңа үкімет құрылғанға дейін олар өз ведомстволары басшыларының міндетін уақытша атқарады.

Көп ұзамай ел парламенті жаңа премьер-министрдің кандидатурасына дауыс береді. Үкімет басшысы болып Либералды-демократиялық партияның жаңа төрағасы Фумио Кисида бекітілмек. Содан кейін Кисида үкіметтің жаңа құрамын жасақтайды.

Министрлікке үміткерлерді іріктеу процесі демалыс күндері аяқталды. Хироказу Мацуно үкіметтің бас хатшысы болмақ. Бұрынғы үкіметтен үш адам жаңа кабинетке ауысады. Сыртқы істер министрі Тошимицу Мотеги мен Қорғаныс министрі Нобуо Киши өз қызметтерінде қалады, ал Ғылым және білім министрлігін басқарған Койчи Хагиуда экономика, Сауда және өнеркәсіп министрлігінің басшысы болып тағайындалады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу