Жапония үкіметі толықтай отставкаға кетті

1091

17 министрлікке жаңа басшылар келеді.

Жапония үкіметі толықтай отставкаға кетті

Ел премьер-министрі Синдзо Абэ кабинет мүшелерінің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады. Шілде айында партия парламенттің жоғарғы палататасындағы сайлауда жеңіске жеткеннен кейін және тұтынушы салығын 10 пайызға дейін көтеру қазан айына белгіленген соң, Абе үкімет құрамын өзгертуді қолға алды. 

Өткен жылдың қазан айында осындай үкіметте ауыс-түйіс болған еді. Бірақ ол кезде министрлердің басым бөлігі өз қызметтерінде қалған. Ал биыл тек үкіметтің бас хатшысы Есихидо Суга мен қаржы министрі Таро Асо отставкаға кетпейтін болды. 

Елдің сыртқы істер министрі Таро Коно экономика министрі болып тағайындалса, ал СІМ-ін экономиканы қалпына келтіру жөніндегі министрі Тосимицу Мотэги басқаратын болды. 

Ресми дерекке сүйенсек, жаңа үкіметтің орташа жасы 61,55 жылды құрап отыр, бұл былтырғы көрсеткіштен 1,85 жылға аз. Яғни биылғы үкімет құрамы сәл жасарып отыр. Министрлер кабинетіндегі ең кәрісі - 78 жастағы қаржы министрі Таро Асо. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу