Жапония ұлттық жасанды интеллект жобасына 6,34 млрд доллар бөледі

265

Жапония үкіметі жеке сектормен бірге ұлттық жасанды интеллект жүйесін әзірлеу бойынша ауқымды жобаны іске қосады. 

Жапония ұлттық жасанды интеллект жобасына 6,34 млрд доллар бөледі Фото: viafuture.ru

Жобаның жалпы құны шамамен 3 триллион иен деп бағаланып отыр. Бұл туралы "Иомиури" газеті жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келесі жылдың көктемінде SoftBank пен тағы оннан астам жапон компаниясы елдегі ең ірі негізгі ЖИ моделін әзірлеу үшін жаңа бірлескен кәсіпорын құрады. Жаңа компанияны құруда SoftBank жетекші рөлге ие. Кәсіпорынға конкурс арқылы іріктелген компаниялардан шамамен 100 маман тартылады. Олардың қатарында SoftBank инженерлері мен Preferred Networks компаниясының әзірлеушілері де бар.

Жапония үкіметі 2026 қаржы жылынан бастап бес жыл ішінде шамамен 1 триллион иен (шамамен 6,3 миллиард доллар) инвестиция құяды. Сонымен қатар 2026 жылға арналған бюджет жобасына 300 миллиард иеннен астам (шамамен 1,9 миллиард доллар) енгізу көзделіп отыр.

Ал SoftBank алты жыл ішінде шамамен 2 триллион иен (12,7 миллиард долларға жуық) көлемінде инвестиция салады. Қаражат жасанды интеллектті әзірлеу мен қызмет көрсетуге арналған деректер орталықтарын пайдалану жұмыстарына бағытталмақ. 

Бүгінде компания Хоккайдо аралындағы Томакомай қаласында және Осака префектурасындағы Сакай қаласында дата-орталықтар құрылысын жүргізіп жатыр. Нысандар  2026 қаржы жылына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу