Жапония вакцина сатып алуға 6,3 млрд доллар жұмсамақ

588

Үкімет АҚШ және Британия компанияларымен осыған қатысты келісімшарт жасасқан.

Жапония вакцина сатып алуға 6,3 млрд доллар жұмсамақ Фото: reuters.com

Жапония үкіметі коронавирусқа қарсы вакцина сатып алуға бюджеттен 6,3 млрд доллар бөлмек. Бұл туралы министрлер кабинетінің бас хатшысы Есихида Суга мәлім етті.

"Бұл қаржы коронавирус инфекциясына қарсы екпені сатып алуға жұмсалады. Біз америкалық және британиялық компаниялармен келісімге келдік", – деді ол.

Ескере кететін жайт, бұл қаражат бұған дейін экономиканы ынталандыруға және індетпен күреске арнайы бөлінген қосымша бюджеттен алынады.

Жапония Astrazeneca деп аталатын британ-швед компаниясы мен америкалық Pfizer компаниясынан 120 млн вакцина сатып алатын болды. Қазір жергілікті билік тағы бес компаниямен екпеге қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Жалпы, Жапонияда вирусқа қарсы вакцина дайындау процесінің басталғаны белгілі, бірақ оның сатылымы басқаларға қарағанда кейінірек басталуы мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу