Жапония жағалауында 5,1 баллдық жер сілкінісі болды

316

Жер сілкінісінің ошағы 36 шақырым тереңдікте болған.

Жапония жағалауында 5,1 баллдық жер сілкінісі болды Фото: РИА новости

Жапония жағалауында магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлім етті.

Зілзала ошағы шамамен 34 мың адам тұратын Хирара қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырым қашықта. Ол Мияко аралында орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 36 шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар цунами қаупі туралы хабарланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу