Жапония жағалауында химияға толы танкер аударылды

299

Оқиға болған кезде кемеде 11 экипаж мүшесі болған, олардың 6-уы құтқарылды. 

Жапония жағалауында химияға толы танкер аударылды Фото: Point.md

Оңтүстік Кореяның туын желбіреткен химия тасушы танкер Жапонияның Ямагучи префектурасының жағасында аударылып, экипаждың бес мүшесі жоғалды.

NHK мемлекеттік теледидарының хабарлауынша, Симоносэки қаласының жағалауында зәкірде тұрған "KEYOUNG SUN" кемесінің бортынан апат туралы сигнал түскен.

Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігінің жаңалықтарында танкер қатты жел мен алып толқындардың салдарынан Муцуре аралының жағалауында зәкір тастаған.

Оқиға кезінде танкерде 11 экипаж мүшесі болған: 8 индонезиялық, 2 оңтүстік кореялық және 1 қытайлық, олардың 6-уы құтқарылды.

Kyodo ақпарат агенттігінің хабарлауынша , экипаждың тағы бес мүшесін іздеу жалғасуда, іздеу-құтқару іс-шараларына авиация мен патрульдік қайықтар қатысады. Жапонияның жағалау күзетінің мәліметі бойынша, ұзындығы 68,8 метр және ені 10,6 метр болатын танкер 980 тонна акрил қышқылын тасымалдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу