Жапония ЖІӨ-нің 20%-ын коронавируспен күреске жұмсайды

1300

Жергілікті билік Токио қаласы және 7 префектурада төтенше жағдай жарияламақ.

Жапония ЖІӨ-нің 20%-ын коронавируспен күреске жұмсайды

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Жапония үкіметі пандемия салдарымен күреске 990 млрд доллар бөледі. Биліктің мұндай қадамдарға баруына вирусты жұқтырғандар санының күрт көбеюі түрткі болған.

Жапониядағы науқастардың саны 4 мыңнан асып, індеттен 90-нан астам адам қаза тапқан. Ел премьер-министрі Синцзо Абэ төтенше жағдай мерзімі бір айға созылуы мүмкін екенін мәлім етті. Үкімет бөлетін қаражат тұрғындарға арналған әлеуметтік төлемге, шағын бизнеске арналмақ. 

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, әлем бойынша ауруға шалдыққандардың саны 1,3 миллионнан асып, 74 мың кісі қайтыс болған.Аурудан қаза табу фактілері ең көп тіркелген елдердің қатарында АҚШ, Италия, Испания бар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу