Жапонияда 2 миллионнан аса адам тұмаумен ауырып жатыр

767

Жапонияда 2 миллионнан аса адам тұмаумен ауырып жатыр

Жапонияда тұмау эпидемиясы өршіп тұр, бүгінгі күні вирусты 2,83 млн адам жұқтырған. Оның үстіне, елде дәрігерлердің тапшылығы байқалуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жапонияның денсаулық, еңбек және әл-ауқат министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта тұмауға шалдыққан 52 науқасқа бір дәрігерден келеді. Ал Косю аралында бір дәрігер 80 сырқатты қабылдауда.

Елде соңғы аптада тұмау жұқтырғандардың саны 1 млн адамға артқан. Жапониялықтарға адам көп шоғырланған жерлерге бармауға, бетперде тағып жүруге және қолды жиі жууға кеңес берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу