Жапонияда 250 жыл ұйқыда болған жанартау атқылады

1557

Жапонияда 250 жыл ұйқыда болған жанартау атқылады

Жапонияда 250 жыл ұйқыда болған жанартау оянып, көкке газ бен тас атқылады, деп хабарлайды 24.kz.

Осы жағдайға байланысты жергілікті билік саяхатшыларға шыңға шығуға тыйым салды. Әзірге зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Мамандар жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді.

Жанартау Кюсю аралының оңтүстігіндегі Йо тауында орналасқан. Ол соңғы рет 1768 жылы атқылаған.

Айта кеткен жөн, Жапонияда 110 белсенді жанартау бар, оның 47-сін мамандар тәулік бойы бақылап отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу