Жапонияда 4 мыңға жуық жолаушысы бар круиздік лайнер карантинге жабылды

870

Гонконг азаматының коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Жапонияда 4 мыңға жуық жолаушысы бар круиздік лайнер карантинге жабылды

Жапонияда 4 мыңға жуық адамы бар круиздік лайнер карантинге жіберілді. Жапония билігінің мұндай шешім қабылдауына кеме бортында коронавирус жұқтырған Гонконг азаматының жүруі себеп болды, деп хабарлайды 24.kz.

80 жастағы ер азамат 20 қаңтарда Жапонияға ұшып барып, лайнермен саяхаттау үшін Йокогамада аталған кеме бортына көтерілген. Сөйтіп 25 қаңтар күні жағаға шығыпты. Осыған байланысты мамандар кемені 24 сағатқа жолынан қалдырып, кемедегі барлық жолаушы мен экипаж мүшелерінің денсаулығын тексеріп шықты.

Айта кетейік, кемеде 2666 турист пен 1000-нан астам экипаж мүшесі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу