Жапонияда 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді

324

Эпицентр Тиба префектурасында орналасқан.

Жапонияда 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді Фото: Pixabay.com

Жапонияның орталық бөлігінде 5,4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі Токионың шығысындағы Тиба префектурасының жағасында болды. Жапон метеорологиялық агенттігінің (JMA) дерегінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 12.12-де тіркелді.

Жер сілкінісі Тиба, Токио және Канагава, Ибараки, Сайтама префектураларында сезілді.

Зардап шеккендер немесе қирандылар туралы ақпарат жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу