Жапонияда 6,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

394

Бұл туралы Kyodo хабарлады.  

Жапонияда 6,9 балдық жер сілкінісі тіркелді Фото: bloomberg.com

Жапонияның солтүстік-шығыс бөлігінде магнитудасы 6,9 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жапония метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі таңғы сағат 7:30-да Тынық мұхиты жағалауындағы Иватэ префектурасы маңында, 50 шақырым тереңдікте болған.

Жерасты дүмпулерінің күші Хасиками елді мекенінде 7 балл, ал Хатинохе қаласында 6 балл болып тіркелген.

Жер сілкінісі Саннохе ауданы, сондай-ақ Мориока қаласы мен Иватэ префектурасының басқа да бөліктерінде сезілген. Бұл аумақтарда сілкініс күші жапондық сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша 5 балл деңгейінде бағаланды. Жерасты дүмпулері Хоккайдо, Акита, Фукусима, Мияги және Ямагата префектураларында, сондай-ақ Токио қаласы мен оған іргелес өңірлерде де сезілген.

Аомори префектурасындағы "Хигасидори" және Мияги префектурасындағы "Онагава" атом электр станцияларының, сондай-ақ Фукусима префектурасындағы "Фукусима-1" және "Фукусима-2" атом электр станцияларының операторлары ешқандай ауытқу тіркелмегенін хабарлады.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен ауқымды қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Жапония билігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және ықтимал қайталама дүмпулерге байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу