Жапонияда 6 балдық жер сілкінісі болды

254

Жерасты дүмпулері ел астанасы Токиода да сезілді. 

Жапонияда 6 балдық жер сілкінісі болды Фото: canva.com

Жер сілкінісінің эпицентрі Фукусима префектурасының жағалауында шамамен 40 метр жер астында орналасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жапонияның солтүстік-шығысында түнде 6 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері ел астанасы Токиода да сезілді. Бұл туралы Kyodo хабарлаған.

Жапон метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, түн ортасынан кейін көп ұзамай Ивате, Мияги және Фукусима префектураларындағы күшті дүмпулер тіркелген.Жер сілкінісінің эпицентрі Фукусима префектурасының жағалауында шамамен 40 шақырым жер астында орналасқан.

Фукусима-1 атом электр станциясы да табиғи апаттың зардап шеккен аймағына кірді, алайда елдің ядролық реттеу басқармасының мәліметі бойынша электр станциясында қирау мен зардап шеккендер тіркелген жоқ.Сондай-ақ, жер асты дүмпулеріне байланысты Жапонияның шығыс теміржол желілерінің бірінде жүрдек пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.

Бұған дейін Тайваньның шығыс жағалауында 7,5, 6,6, 6,3 және 6,5 балдық төрт үлкен жер сілкінісі болғаны хабарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу