Жапонияда 6 мыңнан аса адамды улаған секта мүшелеріне жаза кесілді

927

Жапонияда 6 мыңнан аса адамды улаған секта мүшелеріне жаза кесілді

Жапонияда "Аум Синрикё" экстремистік сектаның көсемдері мен мүшелері, Токио қаласында жазаланатын болады, деп хабарлайды .

Kyodo жапон ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, күншығыс елінде өлім жазасына кесілгендерге арналған жеті түрме бар. Талай адамның обалына қалған жапондық лаңкестер осы түрмелердің біріне ауыстырылып, өлім жазасы орындалады.

Ең ауыр жазаның орындалуын күншығыс елінің әділет министрлігі жүзеге асырады әрі қадағалайтын болады.

Еске сала кетсек, "Аум Синрикё" сектасының Сёка Асахара есімді 63 жастағы көсемі ақырзаманың таяғанын, зұлымдық пен мейірімділіктің айқасының аяқталатынын мәлімдеген болатын. 1995 жылы аталмыш секта мүшелері Токиодағы бес пойызға адамды сал қылып тастайтын химиялық зат сеуіп, нәтижесінде 6,3 мың адам уланып, 13 адам көз жұмған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу