Жапонияда адам өліміне әкелетін ауруды жұқтырғандар саны күрт өсті

231

Жапония гемолитикалық стрептококк инфекцияларын жұқтыру көрсеткішінің рекордтық жоғары санын тіркеді. 

Жапонияда адам өліміне әкелетін ауруды жұқтырғандар саны күрт өсті Фото: eadaily

Ауру асқынып кеткен жағдайда қол мен аяқ тіндерінің өлуіне, ақыр аяғында адам өліміне әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты NHK-ға сілтеме жасап.

Жапония ұлттық жұқпалы аурулар институтының мәліметі бойынша, осы жылдың басынан 5 мамырға дейін Жапонияда 801 жағдай тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,76 есе көп. 2023 жылы "жедел гемолитикалық стрептококкты жұқпалы ауру" деп аталатын 941 жағдай тіркелді. Ауруды жұқтырғандарды есептеу басталғалы мұндай жоғары көрсеткіш алғаш тіркеліп отыр.

Ауру, әдетте, А тобындағы гемолитикалық стрептококктан туындайды, инфекциялар санының өсу себептері әлі нақты анықталмаған, бірақ мамандар жаңа коронавируспен күресу шаралары әлсірегеннен кейін бактериялардың дәл сондай түрлерінен туындаған фарингит жағдайларының көбеюі сияқты факторлардың әсерін көрсетеді.

"Біраз адамдар ағзасында ондай бактериялар болады, яғни екінің бірі — тасымалдаушы, бірақ бактерия жараға енген жағдайда ауру тез дамып, ауыр жағдайға әкелуі мүмкін. Қолды жуу және жарақат алған жағдайда дезинфекциялау сияқты инфекциялық бақылау шараларын ұмытпаған абзал", - деді Миэ префектуралық ұлттық ауруханасының директоры Киёси Танигути.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу