Жапонияның Окинава аралында АҚШ әуе күштерінің F-15 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға Наха қаласынан 80 шақырымдай жерде болды. Ұшақ әуежайдан шыға салысымен көп ұзамай теңізге құлады. Бірақ ұшқыш дер кезінде қауіпсіздік түймешесін басып, әуе көлігінен секіріп үлгереді. Оны жапон әскерилері құтқарып алды.
Ал оқыс оқиғадан соң Окинава префектурасының әкімшілігі апаттың себебі анықталғанша өңірде ұшақтардың ұшуына тыйым салды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу