Бұл туралы Kyodo агенттігі жариялады. Токио университеті ғалымдарының айтуынша, олар ойлап тапқан вакцинаның басқа елдерге жасалған дәрі-дәрмектерге қарағанда адам ағзасына ешқандай зияны тимейді. Клиникалық сынақтар дені сау 30 адамға жүргізіледі. Оның мақсаты – олардың ағзасында вирусқа қарсы антиденелердің қалай пайда болатынын анықтау. Ал бұған дейін бұл вакцинаның зиян еместігін зерттеушілер маймылдарға егу арқылы білген екен. Сынақтан кейін емделушілерді жарты жыл бойы ғалымдар бақылайтын болады.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу