Жапонияда апат болған ұшақтың қалдықтары мұражайға қойылады

467

Компания ұшақ сынықтарын әуе қауіпсіздігі үшін құнды активтер деп санайды.

Жапонияда апат болған ұшақтың қалдықтары мұражайға қойылады Фото: Дзен

Japan Airlines компаниясы 2 қаңтарда апатқа ұшыраған Airbus A350 ұшағының сынықтарын сақтап қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұшақ сынықтары JAL қауіпсіздікті насихаттау орталығындағы көрменің бір бөлігі болады, деп хабарлады AviationSource News.

Айта кетейік, 1985 жылдың тамызында JL 123 рейсін орындаған, өкінішке орай, 520 адам қаза тапқан Boeing 747SR фюзеляжының бір бөлігі осында көрсетілді. Бұл Жапонияның авиация тарихындағы ең ауыр әуе апаты болды.

Japan Airlines Жапонияның Жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігінен және басқа да негізгі мүдделі тараптардан қирандыларды сақтауға рұқсат сұрады. Компания ұшақ сынықтарын әуе қауіпсіздігі сабақтарын беру үшін құнды активтер деп санайды.

Еске сала кетейік, 2 қаңтарда Токио әуежайында ұшақ өртеніп, 400-ге жуық жолаушы эвакуацияланғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу