Әскери жаттығу кезінде экран радарынан жоғалып кеткен F-35A ұшағы Тынық мұхитында апатқа ұшырағаны нақтыланды, деп хабарлайды Atameken Business.
Жапонияның Қорғаныс министрінің айтуынша, ұшақтың сынықтары Аомори ауданынан табылған. Әзірге ұшқышты іздеу жұмыстары аяқталған жоқ.
Сарапшылардың айтуынша, F-35 ең соңғы үлгідегі, технологиясы мықты америкалық көліктердің бірі. Қолданысқа шыққанына 1,5 жылдай болған.
Қазір әуе базасында осындай 13 ұшақ бар. Жоспар бойынша, жапондар АҚШ-тан тағы осындай 147 көлік алуға тиіс болатын. Бағасы - 105 млн доллар.