Жапонияда аюлардың адамдарға шабуылы жиіледі

133

Өткен айда жыртқыш аңнан 39 адам зардап шеккен.  

Жапонияда аюлардың адамдарға шабуылы жиіледі Фото: japannews.jp

Мамандар бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты Japan Times басылымына сілтеме жасап.

Жапонияда сәуір айынан қыркүйек айының соңына дейін аюдан 109 адам зардап шегіп, оның бесеуі қайтыс болды. Қазан айының алғашқы аптасында аюлар 17 адамға тап бергені анықталды. Оның біреуі жыртқыш аңның шабуылынан қаза тапты.

Ал күні кеше ғана Гунма префектурасында аю супермаркетке кіріп, 2 адамды жарақаттады. Мамандар аюлардың шабуылын аймақтардағы егістікпен байланыстырып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу