Жапонияда азық-түлік бағасының өсуі 2022 жылғы көрсеткіштен асып түсті

439

Жапонияда биылғы жылы азық-түлік бағасының өсуі 2022 жылғы көрсеткіштен асып түсті.  

Жапонияда азық-түлік бағасының өсуі 2022 жылғы көрсеткіштен асып түсті Фото: Пикабу

Бұл туралы inbusiness.kz Teikoku databank статистикалық орталығының есебіне сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес, биылғы жылы 31,8 мың азық-түлік тауар түрінің бағасы өскен, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 25,7 мыңды құрады, тек қыркүйекте 4,6 мыңға тауардың бағасы шарықтады.

Баяндама авторлары түсіндіргендей, мұндай теріс динамикаға бір жылдан астам уақытқа созылған шикізаттың қымбаттауы себеп болған. 

2022 жылы Жапонияда азық-түлік бағасы  оның алдындағы жылмен салыстырғанда 14%-ға қымбаттады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу