Жапонияда бір айдың ішінде 2 мыңнан аса жер сілкінісі тіркелді

146

Аталған жер сілкіністерінен қаза тапқандар, жарақат алғандар немесе зардаптар туралы ақпарат тіркелмеген.

Жапонияда бір айдың ішінде 2 мыңнан аса жер сілкінісі тіркелді Фото: AP

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Токара архипелагында соңғы 34 күн ішінде әртүрлі магнитудалы 2 209 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жапония Метеорология агенттігінің (JMA) мәліметінше, Кагосима префектурасына қарасты бұл архипелагта бір айдан астам уақыт бойы сейсмикалық белсенділік тоқтамай тұр.

2024 жылғы 21 маусым мен 24 шілде аралығында аралдар маңында магнитудасы 1-ден 6-ға дейінгі сілкіністер болды.

Агенттік мәлімдемесінде аймақтағы күшті тайфундарға байланысты жердің босап, көшкін қаупі артуы мүмкін екені айтылып, тұрғындарды барынша сақ болуға шақырды.

JMA өкілі Киёмото Синчи сейсмикалық белсенділіктің бәсеңдей бастағанын, бірақ жер қыртысының қозғалысы жалғасып жатқанын мәлімдеген.

"Жер сілкіністері кенеттен күшеюі мүмкін, сондықтан алдағы жағдайға болжам жасауға әлі ерте", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу