Жапонияда 17 желтоқсаннан бері тоқтаусыз жауған қардың салдарынан сегіз адам қаза тауып, 45 адам зардап шекті, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қаза тапқандардың арасында жастар да, қарттар да бар. Мысалы, 20 жастағы қыз қармен жабылған көлікте өлі күйінде табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол көліктің сөндіргіші қармен бітеліп қалғаннан кейін көміртегі тотығымен уланған. Ал 80 жастағы ер адамның басына үйдің төбесінен қар түсіп, қайтыс болды. Зардап шеккендердің 19-ы ауыр жарақат алды.
Қалың қардың салдарынан елде жол апаттары жиіленіп, түрлі мәселелер туындады, мысалы, әуежайларда рейстер тоқтатылды. Синоптиктер елдегі ауа-райының қолайсыздығы жалғасады деп болжайды, дүйсенбіде, 26 желтоқсанда Жапон теңізінің жағалауында да, Тынық мұхитында да қалың қар жауады деп күтілуде.