Жапонияда "Дуцзюань" тайфуны салдарынан 3 адам қаза тапты

122

Қатты жауын-шашын салдарынан су тасқыны болды. 

Жапонияда "Дуцзюань" тайфуны салдарынан 3 адам қаза тапты Фото: report.az

"Дуцзюань" тайфуны Жапонияның Хонсю аралының Тынық мұхиты жағалауының орталық бөлігімен өтуі салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауа райы жақсарғанына қарамастан, Токио аймағында көптеген теміржол желілерінің жұмысы әлі де тоқтатылған. Мамандар нөсер жаңбырдан кейін теміржол жолдары мен жабдықтардың жағдайын тексеріп жатыр.

Жекелеген аудандарда екі тәулік ішінде 410 миллиметрден астам жауын-шашын түскен. 20 қыркүйекте Жапонияның 1,6 миллионнан астам тұрғынына қауіпсіз жерге көшу туралы ескерту берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу