Жапонияда Джеби дауылы ойран салып жатыр (видео)

730

Елдің батысындағы әуежай жасанды аралда орналасқандықтан, 3 мыңға жуық жолаушы әуежайда бөгеліп қалды. 

Жапонияда Джеби дауылы ойран салып жатыр (видео)

Жапон жағалауларын жайпап жатқан Джеби дауылы Сахалинге жетті. Қатты нөсер мен желдің салдарынан аралдың бірнеше аймағы зардап шекті, деп хабарлайды 24.kz.

Электржарығының желілері үзіліп, Оңтүстік Сахалин әуе жайында рейстер бөгелді. Ал Макаров қаласы селдің салдарынан сусыз қалды. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қала әкімшілігі көрші аудандардан көмек сұрады. 

Ширек ғасырдағы ең жойқын саналатын Джеби дауылы 11 жапон азаматының өмірін қиды. 400-ге жуық тұрғын түрлі жарақат алған.

Табиғаттың тосын мінезінен Осака префектурасы қатты зардап шекті. Дүлей дауылдың салдарынан Кансай әуежайын су алған. Елдің батысындағы әуежай жасанды аралда орналасқандықтан, 3 мыңға жуық жолаушы әуежайда уақытша қамалып қалды. Сондай-ақ Жапониямен екі арасын жалғайтын жалғыз көпір дауылға шыдас бермеді. Мыңдаған үй жарықсыз қалып, төтенше жағдайға байланысты, тұрғындар қауіпсіз аймақтарға көшіріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу