Йокогама жағалауында өткен Minato Mirai Smart Festival 2025 фестивалі кезінде отшашу үшін пайдаланылған баржа өртеніп, төтенше жағдай орын алған.
Кеме бортында болған 5 жұмысшының барлығы теңізге секіріп, аман қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты News Japan порталына сілтеме жасап.
Олардың бірі жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. От жалыны көрші баржаны да шарпыды, бірақ онда адамдар болмаған.
Жергілікті полицияның мәліметінше, оқиғаға отшашу жүйесіндегі ақау себеп. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Шараның ресми сайтында көрсетілгендей, жергілікті уақыт бойынша 19:30-дан бастап 25 минут ішінде шамамен 20 000 отшашу жіберу жоспарланған.
Ұйымдастыру комитеті болған жағдай үшін кешірім сұрап, оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеуге кірісті.