Жапония парламентінің төменгі палатасы лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті билік "күншығыс елінде қауіпсіздік шараларын күшейту үшін қажет" дейді. Алайда көпшілік "сиясы кеппеген құжат тұрғындардың құқығын бұзады" деген пікірде.
Жапонияның билік басындағы коалиция қоғамда дау туғызған заң жобасын қабылдауға тағы бір қадам жасады. Парламент пен көшедегі наразылыққа қарамастан, төменгі палата көпшілік дауыспен құжатты қолдап жіберді. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл заң 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада қарсаңында елдегі қауіпсіздікті күшейту үшін қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу