Жапонияда қалың қар жауып, 40 адам зардап шекті

349

Елдің бірнеше аймағында төтенше жағдай жарияланды.

Жапонияда қалың қар жауып, 40 адам зардап шекті Фото: ТСН

Жапон билігі Токионың 23 орталық ауданында, сондай-ақ Сайтама, Яманаши, Нагано, Точиги, Ибараки, Чиба және Канагава әкімшілік-аймақтың бөлігінде қалың қар жаууына байланысты төтенше жағдай жағдай жариялады. Ауа райының қолайсызыдығынан 40 адам зардап шегіп, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көктайғақтан құлап, жарақат алғандардың көбі 4-92 жас аралығындағылар. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, қолайсыз ауа райының салдары жойылғанша Токиодағы жедел магистральдар тоқтатылады. Сонымен қатар Токио аймағындағы пойыздар бірнеше теміржол желілерімен жүруді тоқтатты. Бір тәулік ішінде көлік қозғалысы толығымен қалпына келтіріледі деп жоспарлануда. Токио әуежайында 70-тен астам рейс тоқтатылды.

Сондай-ақ Токио, Чиба, Сайтама, Канагава және Яманаши секілді әкімшілік-аймақта 10 мыңнан астам үй шаруашылығы жарықсыз қалған. 

Синоптиктердің болжауынша, алдағы бір тәулікте Токиода 8 см-ге дейін қар жаууы мүмкін. Таулы аудандарда жауын-шашын қарқындылығы 25-40 см болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу