Жапонияның солтүстігі мен Жапон теңізінің жағалауында болған қар көшкінінен 15 адам көз жұмып, 222 адам жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости.
Елдің жалпыұлттық істер министрлігінің өрт қауіпсіздігі басқарамасының мәліметі бойынша табиғат апатынан Фукуи, Ниигата мен Тояма аймағы қатты зардап шеккен.
Қазір Фукуидағы қар жамылғысының қалыңдығы 2,78 метрге жетеді, ал Ниигатада 2,5 метрге, Тоямада 60 см-дан асады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу