Жапонияда құс тұмауының тағы бір ошағы табылды

498

2016 және 2017 жылдары H5N6 вирусының таралуына байланысты 1,67 миллион тауық жойылған еді.

Жапонияда құс тұмауының тағы бір ошағы табылды

Жапонияда мамандар құс тұмауының тағы бір ошағын тапты. Олар қауіпті дертті елдің оңтүстік батысындағы Фукуока префектурасында орналасқан құс фабрикасынан анықтаған. Енді жергілікті билік сондағы 93 мың тауықтың көзін жоймақ. 

Бұған дейін Кагава префектурасындағы екі ферманың осы аурудың ошағына айналғаны жарияланған еді.Вирустың таралуын болдырмас үшін мамандар миллионнан астам құсты өлтірген.

Соңғы рет құс тұмауы елде 2018 жылы тіркелген болатын. Reuters агенттігінің дерегіне сүйенсек, 2016 және 2017 жылдары H5N6 вирусының таралуына байланысты 1,67 миллион тауық жойылған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу