Жапонияда магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді

142

Жер сілкінісі Астана уақытымен 08:34-те болды.

Жапонияда магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді Фото: facebook/Bookingcar

Зілзала ошағы Жапонияның Идзу аралдары тобына кіретін Аогасима аралы аралынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 291 шақырым жерде орналасқан, деп жазады inbusiness.kz сайты Tiek телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Ал АҚШ Геологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасын 5,7 деп бағалап, оның ошағы 10 шақырым тереңдікте жатқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу