Жапонияда нөсер салдарынан 52 адам қаза тапты

637

Кюсю аралындағы 7 мың тұрғын жарықсыз қалды.

Жапонияда нөсер салдарынан 52 адам қаза тапты Фото: reuters.com

Жапонияның оңтүстік-шығысында жауған толассыз жауын-шашын салдарынан 52 адам ажал құшты. Екі адам ауыры халде. Тағы 12 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

Кюсю аралындағы Кумамото префектурасында 51 тұрғын көз жұмған, тағы бір адам сол аралдағы Фукуока префектурасында қайтыс болды. 

Бұл аймақта жауын 4 шілдеден бастап жауған. Оның кесірінен Кюсю аралындағы 7 мың адам жарықсыз қалды. Қазір апатты аймақта 10 мыңға жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Мамандардың айтуынша, нөсер енді елдің оңтүстік-батысынан солтүстігіне қарай ығысып жатыр, яғни Сикоку мен Хонсю аралдарында жауын жаумақ. Әзірге апаттан қанша шығын келгені анықталмады. Өйткені қирап қалған жолдар мен көпірлер көптігі есептеу жұмыстарын қиындатып жіберген.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу