Жапонияның оңтүстік-батысында нөсер жаңбырдан туындаған көшкіндер мен сел ағындарының салдарынан кем дегенде бес адам қаза тапты. Тағы үшеуі жоғалып кетті, деп жазады inbusiness.kz.
Жауын-шашын деңгейі Жапония мемлекетінің оңтүстік-батыс провинцияларында рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды Жапония метеорологиялық агенттігі (JMA).
Жергілікті билік он мыңдаған адамды эвакуациялауға шақырды.
Премьер-министр Фумио Кисида апаттарды жою министрі Яни Коичимен кездесті.
Шығыс Азия елдерінде "қара өрік жаңбыры" - "цую" деп аталатын нөсер маусымы мамырдың аяғынан шілденің ортасына дейін созылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу