Жапонияда нөсер жауын салдарынан 60-тай адам ажал құшты

806

Жапонияда нөсер жауын салдарынан 60-тай адам ажал құшты

Жапонияда нөсер жауын салдарынан көшкін жүріп, құрбан болған адамдар саны 58-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТАСС келтірген мәліметтерге сай, 44 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқарушылар Жапонияның азаматтық қорғаныс күштерінің көмегімен жексенбі күні таңда іздеу жұмыстарын қайта жалғастырды.

Ел үкіметі премьер-министр Синдзо Абэнің басшылығымен табиғат апатына байланысты шұғыл отырыс өткізді.

"Көптеген адамдардың қауіпсіздігі қыл үстінде тұр. Бар күшті адамдарды құтқару жолына салу керек", - деп атап өтті Абэ.

Айта кетейік, нөсер жаңбыр "Прапирун" тайфунының әсерінен туындаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу