Жапонияда Олимпиада алауының эстафетасы басталды

1015

Бүгін Жапонияның Фукусима қаласында Токио Олимпиадасының алау эстафетасы басталды.

Жапонияда Олимпиада алауының эстафетасы басталды

Олимпиада алауы Токио ойындарының ашылу салтанатына дейін 121 күн бойы Жапонияның 47 префектурасын аралайды, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Алау эстафетасы Фукусимадағы футболдан жаттығу алаңында басталды. Бұл 2011 жылғы жер сілкінісі кезінде қатты зардап шеккен аудандардың бірі. Тап осы жер Олимпиада алауы эстафетасының концепциясына сай келеді.

"Үміт біздің жолымызға жарық береді" деп аталатын ұран соңғы кезде Жапония мен әлем халқына төнген қауіп кезеңіне де дәл келеді. Алауды алғаш болып алып жүру бақыты 2011 жылы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған футболшы Адзус Ивасимидзуге бұйырды. Сол жылы апаттан ес жия алмаған халықтың рухын көтеруге олардың жеңісі ерекше әсер еткен еді. 121 күн бойы жарты миллион үміткердің ішінен таңдап алынған 10 000 факел ұстаушы Жапония жеріндегі алау эстафетасына қатысады. Алау құтысының дизайны да ерекше. Алтын және қызғылт түсті құты жапон көктемінің белгісі саналатын шиенің гүлдейтін кезеңін де есепке алған. Құтының шамамен 30 пайызы 2011 жылғы жер сілкінісі мен цунамиден кейін уақытша үйлерде пайдаланып, өңделген алюминийден жасалды. 

Айта кетелік, Олимпиада алауы 2020 жылдың 20 наурызында Жапонияда тұтанған болатын. Токио ойындары бір жылға ауыстырылған соң, алау Олимпиада мұражайында жанып тұрды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу