Жапонияда Олимпиада басталғанға дейін ТЖ режимі енгізіледі

657

Шектеу бірқатар префектурада жарияланады.

Жапонияда Олимпиада басталғанға дейін ТЖ режимі енгізіледі Фото: reuters.com

Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга елде төтенше жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Төтенше жағдай режимі Токиодағы коронавирустық жағдайға байланысты жарияланып отыр. Екі аптадан кейін, яғни 23 шілдеде бұл қалада Олимпиада ойындары басталады. Режим Токиомен қатар Окинава префектурасында 12 шілдеден 22 тамызға дейін созылады. Сондай-ақ қатаңдатылған шаралар режимі Осака, Сайтама, Канагава және Чиба префектураларында ұзартылады.

Елде бұл режим пандемия басталғаннан бері осымен төртінші мәрте енгізіліп отыр. Төтенше жағдай режимі кезеңінде мейрамханалар мен барларда алкоголь сату қайтадан шектеледі. Сонымен қатар билік тұрғындарды басқа аймақтарға барудан бас тартуға үндеді.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу