Жапонияда "омикрон" штамын жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді

762

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың бұл түрі басқаларына қарағанда жұқпалырақ болуы мүмкін деп топшылап отыр.  

Жапонияда "омикрон" штамын жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелді

Жапония билігі елде омикрон штамын жұқтырудың алғашқы фактісі тіркелгенін растады, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Бұл штамм өткен аптада Африканың оңтүстігінде табылды. Министрлер кабинетінің бас хатшысы Хироказу Мацуноның айтуынша, 30 жастағы ер адам Намибиядан Токиодағы Нарита әуежайына келген бойда оның дертке шалдыққаны анықталған. Қазір ол ауруханада жатыр. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы омикрон басқаларына қарағанда жұқпалырақ болуы мүмкін деп топшылап отыр.  

Жаңа штамм Африка мен Еуропаның бірнеше елінде, сондай-ақ Канадада, Израильде және Гонконгта анықталды. Осы жайттан кейін бірқатар мемлекет елге кіру режимін қатаңдата бастады.

Табиғат Нұрболат

Фото: japantimes.co.jp

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу