Жапонияда пеноласт зауытында алапат өрт болды

914

Жапонияда пеноласт зауытында алапат өрт болды

Жапонияның Хёго префектурасында пенопласт шығаратын зауыт өртеніп жатыр. Өрт 820 шаршы метр аумақты қамтып, көрші орналасқан көлік тұрағын да шарпыған, деп хабарлайды жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған РИА Новости.

Көрші орналасқан көпқабатты үйдің көлік тұрағында  40 көлік өртеніп кетті. Жақын маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрт кесірінен  230 отбасы электр жарығынсыз отыр, зардап шеккендер жоқ. Өрттің тұтану себебі анықталып жатыр.

Бейсенбі күні Жапонияда Ниигата префектурасында тағы бір алапат өрт болып,  150 үй күлге айналған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу