Жапонияда премьер-министрдің өкілеттігін тоғыз жылға дейін ұзартты

916

Жапонияда премьер-министрдің өкілеттігін тоғыз жылға дейін ұзартты

Жапонияның билік басындағы Либерал-демократиялық партия елдің премьер-министрінің өкілеттігін тоғыз жылға дейін ұзартуды мақұлдады, деп хабарлайды РБК.

Жапон заңына сәйкес, билеуші партияның басшысы үкімет басшысы болып табылады. Егер Синдзо Абэ  өз партиясының қолдауын сақтап қала алса, онда премьер-министр тағында  2021 жылға дейін қалуға үміті бар. Осыған сәйкес түзетулер ЛДП съезі барысында партия жарғысына енгізіліп отыр.

Синдзо Абэ  2012 жылдан бері Жапония премьер-министрі лауазымын атқарып келеді. Ол  2006-2007 жылдары да  үкіметті басқарған. Алайда саяси дағдарыс салдарынан отставкаға кеткен болатын. Соңғы рет партия басшылығына 2015 жылдың қыркүйегінде  қайта сайланды. Ол кезде оның өкілеттігін үш жылға ұзартты.

Саясаткер қайта сайланған соң  ел конституциясын қайта қарауға қол жеткізді. Оның пайымынша, Екінші дүниежүзілік соғыс соң енгізілген соғыс жүргізуге тыйым және толыққанды әскер ұстаудан бас тарту туралы 9 бап қайта қарауды қажет етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу