Жапониядағы үлкендігі жағынан екінші орынды иеленетін Хоккайдо аралында мөлшерден тыс қалың қар жауды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Обихиро қаласында небәрі 12 сағаттың ішінде 120 сантиметрге жететін қар жауған.
Жолдардағы көктайғақ салдарынан жол-көлік оқиғасы күрт өсіп, үш адам зардап шекті. 62 жастағы әйел қардың салмағымен үстіне ағаш құлап, оқиға орнында мерт болғаны айтылды.
Одан бөлек, кейбір автобустар мен теміржол бағыттарының қозғалысы шектелді.
Қар тазалау жұмыстарына студенттер мен еріктілер де қосылып, ең алдымен ел тұрғындарына шығаберіс есіктегі қарды тазалауға көмектесіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу