Жапонияда тайфун салдарынан 40-қа жуық адам зардап шекті

182

Хабар-ошарсыз кеткендер бар.

Жапонияда тайфун салдарынан 40-қа жуық адам зардап шекті Фото: AFP 2024 / Kazuhiro Nogi

Оңтүстік-батыс Кюсю аралында Жапония аумағына жеткен "Шаньшань" тайфунының салдарынан 39 адам зардап шекті және бір адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы NHK хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жапониядағы тайфунның салдарынан барлығы 39 адам, оның 9-ы Кагосима префектурасында және 30-ы Миязаки префектурасында зардап шекті. Сондай-ақ, Кагосима қаласында 60 жастағы ер адам теңізге пирстен құлап, хабар-ошарсыз кетті.

Миязаки қаласында 160-тан астам нысан замыданғаны туралы ақпарат келіп түсті. Мәселен, зақымданған тұрғын үйлер – 69 жағдай, кеңселер мен қоймаларды қоса алғанда, ғимараттарға зақымдануы – 35 жағдай және дене жарақатының 22 жағдайы тіркелді.

"Үйлердің зақымдануының шамамен 70%-ы" терезе әйнектерінің желдің екпінінен сынғанынан болды", — деді NHK.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу