Жапонияда тапа-тал түсте 4 адам көз жұмды

504

Атысты ұйымдастырған 31 жастағы ер адам 12 сағаттан соң тұтқындалды.

Жапонияда тапа-тал түсте 4 адам көз жұмды Фото: The Economist

Жапонияда оқыс оқиға тіркелді. Тапа-тал түсте елдің Накано қаласында атыс болып 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Полицияның деректері бойынша, бетперде таққан ер адам бір әйелді пышақтап, басқа тұрғындарға оқ жаудырған. Екі полицей оқиға орнында көз жұмды.

Атысты ұйымдастырған 31 жастағы ер адам 12 сағаттан соң тұтқындалды.

Сондай-ақ, күдіктінің мылтығы арнайы аңшылыққа арналғаны белгілі болды. NHK телеарнасының деректеріне сәйкес, күдікті ер адам – жергілікті шенеуніктің баласы.  Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кету керек, Жапонияда қарулы атыс өте сирек кездеседі. Себебі қару-жарақ саудасы мұқият бақылауда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу