Жапонияда толассыз жауған қалың қардың кесірінен 60-қа жуық әуе сапары кейінге шегерілді, деп хабарлайды 24Хабар.
Қыстың қытымыр мінезінен Күншығыс елінің солтүстік және батыс аудандары аса қатты жапа шегіп отыр. Кейбір жерде қардың қалыңдығы 2 жарым метрге дейін жеткен.
Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар алдағы тәуліктерде қар тоқтамай жауады деп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу