Жапонияның оңтүстік-батысында су тасқыны құрбандарының саны артты, деп жазады 24kz.
Соңғы мәлімет бойынша, 6 адам ажал құшып, сегізі жараланған. Тағы 20-ға жуық тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кетті. Жолдардың көбін су шайып, аймақтағы ауылдарға қатынау мүмкін болмай тұр. Соның кесірінен 700-ден астам тұрғын оқшауда қалды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты мұнда тікұшақтар да ұша алмай отыр. Құтқару операциясына 7 жарым мыңға жуық маман жұмылдырылған. Негізі табиғи апатқа толассыз нөсер себеп болған. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар "жауынның алдағы күндері басылатын түрі жоқ" деп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу