Жапонияда "үлкен жетілік" елдері министрлерінің кездесуі өтеді

604

"Үлкен жетілік" елдерінің қаржы министрліктері мен орталық банктерінің басшылары бейсенбіде Жапонияның Ниигата қаласында үш күндік кездесуді бастайды.  

Жапонияда "үлкен жетілік" елдері министрлерінің кездесуі өтеді Фото: Голос Америки

Кездесу барысында әлемдегі қаржылық тұрақсыздық, Ресейге қарсы санкциялар мен Украинаны қолдау шаралары талқыланады, деп жазады inbusiness.kz.

Жапония атынан Қаржы министрі Сюнъити Судзуки мен Жапония Банкінің басшысы Кадзуо Уэда қатысады.

Киодо агенттігінің мәліметінше, Министрлер жиналысына үлкен жетілік өкілдерінен бщлек, Бразилия, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Комор аралдары Одағы, Африка одағының төрағасы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар, атап айтқанда Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры өкілдері шақырылды. Олар әлемдік экономикалық сын-тегеуріндерді талқылау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шеңберіндегі басқосуға қатысуы керек.

Сонымен қатар, Украина экономикасын қолдау шараларын талқылау аясында Украинаның қаржы министрі Сергей Марченко бейне байланысы арқылы кездесуге қатысуы болжануда.

Талқылауға арналған басқа мәселелер қатарына экономикалық қауіпсіздік, үздіксіз жеткізу тізбегін қамтамасыз ету және Қытайға тәуелділікті азайту, жаңа технологиялар мен әлеуметтік желілерді дамыту жағдайындағы қаржы жүйелеріндегі қиындықтар, батыс банктерінің банкроттығы және АҚШ-тың Федералды қарызы бойынша дефолт тәуекелі, дамушы елдердің қарыздық міндеттемелері, сондай-ақ Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуге кедергі жасау шаралары кіреді.

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасалады..

2023 жылы "Үлкен жетіліктегі" төрағалық Жапонияға өтті. G7 көшбасшылар саммиті 19-21 мамырда Хиросимада өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу