Жапонияда Yahoo және Line опеаторлар сервисі бірігу туралы келіссөздер жүргізуде

1112

Тараптар қараша айының соңында келісімге келмек. 

Жапонияда Yahoo және Line опеаторлар сервисі бірігу туралы келіссөздер жүргізуде

Жапонияның    Yahoo іздеу сервисі операторлары мен атақты Line мессенджері бірігу туралы келіссөздер жүргізуде, оның нәтижесінде   қаржы, бөлшектік сауда, және бизнестің юасқа сегменттері саласында қызмет ұсынатын интернте-алып құрылуы мүмкін, деп хабарлайды Nikkei газеті.    

Yahoo Japan іздеу және жаңалық сервисінің операторы  Z Holdings, оның 40%-ы  жапониялық SoftBank Corp. телекоммуникациясы компаниясына тиесілі, ал Line-ні оңтүстіккореялық Naver Corp. компаниясы бақылайды.  Бас компаниялар келіссөз жасауда, деп жазады газет.   

Оның ақпарынша, тараптар қараша айының соңында келісімге келмек.          

Келісім егжей-тегжей талқыланып жатыр. SoftBank және Naver  тең үлеспен БК құрады. Ол  Yahoo және Line-нің сервистерін жекелеген бөлімшелер ретінде басқарады.    

Line Жапонияда ірі мессенджер, оның 80 млн-ға жуық қолданушысы бар. Ал Yahoo 50 млн-ға жуық қолданушысы бар. 

100 млн-ға жуық клиенті бар жаңа компания Жапониядағы мобильдік төлемдер саласындағы негізгі жеткізуші болады, деп жазады  Nikkei.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу