Жапония үкіметінің басшысы қызметіне Есихида Суга келді. Парламенттің өкілдер палатасы депутаттарының басым бөлігі оған дауыс берді. Сайлау төменгі палатаның сайтында тікелей эфирде көрсетілген. Сугага 314 депутат дауыс берді.
Тамыздың соңында экс-премьер Синдзо Абэ созылмалы ауруының асқынуына байланысты отставкаға кететінін мәлім еткен еді. Содан кейін жаңа премьерді сайлау туралы шешім қабылданды.
Енді Суга жаңа үкімет мүшелерін бекітуі тиіс. Өйткені Абэ жасақтаған министрлер кабинеті толықтай отставкаға кеткен болатын.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу